Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ҚР Парламентінің 30 жылдығына орай медальдар табысталды

«ҚР Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысының атынан наградаларды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыс етті.

Мерейтойлық медальдармен әр жылдардағы Парламент депутаттары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер мен отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлері марапатталды.

Отыз жыл ішінде Парламент Қазақстан мемлекеттілігінің берік заңнамалық негізін қалыптастырып, ауқымды реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Бүгінде еліміз тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңа Конституцияда еліміздің жоғары өкілді органы — бір палаталы Құрылтайға көшу үдерісі бекітілді.

Парламенттік дәстүрлердің сабақтастығын сақтай отырып, Құрылтай заң шығару қызметінің тиімділігін арттырып, азаматтардың мүддесін білдіру тетіктерін күшейтуге бағытталған. Өңір басшысы солтүстікқазақстандықтардың алдағы уақытта да мемлекеттілікті нығайтуға, заң үстемдігін орнықтыруға және еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі табысты дамуына лайықты үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *