Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ескі жиһазды қоқыс жанына қалдырған тұрғын жауапқа тартылды

Петропавл аулаларындағы тазалық мәселесі полицияның жіті назарында. Бейнебақылау камералары арқылы қоқысты белгіленбеген орынға жинау фактілері анықталуда. Кезекті жағдайда облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны ескі жиһазды қоқыс контейнерлерінің жанына қалдырған.

Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп, тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Полицияның түсіндіруінше, қоқыс шығаратын мердігер ұйымдар контейнерлерге белгіленген тұрмыстық қалдықтарды ғана шығаруға міндетті. Ал контейнерлерге сыймайтын ірі көлемдегі қалдықтарды, оның ішінде ескі жиһазды тұрғындар белгіленген тәртіппен өздері шығаруы тиіс.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында полицейлер қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және жинау, сондай-ақ стихиялық қоқыс орындарын қалыптастыру фактілерін тұрақты түрде анықтап келеді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 11 700 фактісі тіркелді. Полиция тұрғындарды тазалық талаптарын сақтап, тұрмыстық және ірі көлемдегі қалдықтарды белгіленген орындарға шығаруға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *