Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткі таратқан Астана тұрғыны ұсталды

Петропавлда 27 жастағы елордалық есірткі таратумен айналысқан. Күдіктіні полицейлер тамыздың 12-сі құрықтаған.

СҚО ПД мәліметінше, Астана қаласының тұрғыны жақында Петропавлға таксимен келіп, есірткі таратуға ниетті болған.

Тәртіп сақшылары жігітті ұстаған уақытта сөмкесінде және қалтасында үш орамада α-PvP атты есірткісін анықтады. Алдын ала ақпарат бойынша күдікті интернет-дүкен арқылы психотропты затты алып, тасымалдаушы рөлін атқарған.

Жыл басталғалы облыста заңсыз айналымнан 462 есірткі заты алынды. Оның 8 кг – синтетикалық есірткі екен.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *