Жарияланған күні: 26.08.2026
СҚО педагогына «Құрмет» ордені берілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының мұғалім-логопеді Марина Шерстобитова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Марина Георгиевна 35 жылдан астам уақытын білім беру саласына арнап келеді. Бүгінде ол Жамбыл ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мұғалім-логопед болып қызмет етуде.
Көп жылғы кәсіби қызметі барысында арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен қолдауға елеулі үлес қосты.

