СҚО-да үш жылда 483 млрд. теңге бөлінді
Соңғы үш жылда саланы дамытуға 483 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Үш балабақша салынды, төртіншісінің құрылысы аяқталуға жақын. Петропавлда жаңа форматтағы екі «Келешек мектептері» бой көтерді. Қызылжар ауданының Белое ауылында 120 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. 104 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.

Жаңа оқу жылында облыста 439 мектеп жұмыс істейді, 73 мыңнан астам оқушы білім алады. 256 елді мекендегі 2 853 баланы тасымалдау үшін 143 көлік дайындалды.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 400 млн теңге бөлінді. «Мектепке жол» акциясы аясында 7 653 балаға жалпы сомасы 389,2 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. 32 786 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. 44 білім беру ұйымында қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік беретін Protector AI жүйесі енгізілді.
— Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысын да атап өтті,- деді облыс әкімі.

