Жарияланған күні: 28.08.2026
СҚО жасөспірімдер арасында 26 қылмыс тіркелді
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жасөспірімдер арасында 26 қылмыс тіркелді. Ал жасөспірімдерге қатысты қылмыстың 48 фактісі тіркеліп, оның саны 2% артып отыр.

Биыл СҚО-да жаңа оқу жылында 439 мектеп жұмысқа кіріседі. Оның 285-і — террористік тұрғыдан осал нысандар тізіміне енген.
Бұл білім ордаларындағы барлық бейнекамералар Жедел басқару орталығына қосылған. Жалпы мектептер тиісті дабыл түймелерімен де, күзетшілермен де толық қамтылған.

