Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Павлин» дәмханасындағы жанжалдың шешімі

Петропавл қаласындағы «Павлин» кафесінде Петропавл қаласының үш тұрғыны «Г», «Е», «Л» алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырып, демалып отырған келушілер тобымен сөзге келіп қалған.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жанжал барысында олар күш қолданып, мекеме келушілерін ұрып-соққан.
Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық ретінде сараланды.
2026 жылғы 26 тамызда зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың жасалуын алдын алу, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыру мақсатында прокуратура органдары Петропавл қалалық сотының ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының спорт мектептері мен интернат тәрбиеленушілерінің қатысуымен көрсетілімдік сот процесін өткізді.
Процестің барысын онлайн-трансляция режимінде 480-нен астам адам бақылап отырды.
Жастарға бұзақылықпен байланысты қылмыстар жасаудың салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген жауапкершілік көрнекі түрде көрсетілді.
Қала прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқықтық саналылық танытуға және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге төзбеушілік танытуға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *