Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткімен ұсталынған азамат үш жылға сотталды

Есірткімен жолда ұсталған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны алдағы үш жылды колонияда өткізеді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайың ауданында тәртіп сақшылары синтетикалық есірткіні заңсыз сақтаудың жолын кесті. Григорьевка және Камышлово ауылдарының арасындағы автожолда автокөлікті тоқтатты. Онда азаматтығы жоқ 52 жастағы аудан тұрғыны болған. Тексеру кезінде одан салмағы 1,06 грамм а-PVP есірткі пакеті табылған. Сондай-ақ, екі медициналық тамшуыр тәркіленді.

Ер адам есірткіні Петропавлдан сатып алғанын мойындады. Сот оны өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ауыл тұрғыны Петропавлдағы колонияда 3 жыл жазасын өтеп жатыр. Босатылғаннан кейін ол профилактикалық есепке алынады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 78 адам психотроптық заттарды медициналық емес тұтынғаны және сақтағаны үшін айыппұл төледі. Жеті адам есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз пайдаланғаны үшін ұсталды. Бұл үшін заң 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *