Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Астаналық дәрігерлер тәжірибесімен бөлісуде

СҚО-ға ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының дәрігерлері келіп, жергілікті мамандарға арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Көпбейінді облыстық аурухананың урология бөлімшесінде жылына шамамен 1100 ота жасалады. Науқастардың 70 пайызы бүйректегі тасты алып тастау бойынша жүгінеді екен.Петропавлға Астанадан келген дәрігерлер облыстағы мамандарға заманауи диагностика және емдеу тәсілдерін үйретіп, күрделі клиникалық жағдайларды бақылады.

— Жақында облыстық ауруханаға Германиядан ультрадыбыстық қондырғы әкелініпті. Бұл құрылғы арқылы бүйректегі тасты оңай алып тастауға көмектеседі. Алдымен ауыз арқылы ішке кішкентай заманауи холангиоскопты енгіземіз. Тас көрінген кезде оған лазерді бағыттап ұсақ құмға айналдырамыз. Кейін қалдықтарды арнайы сорғышпен сорып аламыз, — ҚР Президентінің іІс басқармасы медициналық орталығының уролог-дәрігері Олжас Жайшыбеков.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *