СҚО-ның үздік медициналық ұйымдары анықталды
Ел көлемінде «Медициналық көмектің флагманы – 2026» байқауы өтті. Әр өңірде екі жеңімпаз, яғни денсаулық сақтау мекемелері қатарынан қос бірдей үздік ұйым анықталды. Биылғы конкурс «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мәліметінше, байқауға өңірде 44 медициналық қызмет жеткізуші қатысты. Олардың 26-сы – МСАК,консультациялық-диагностикалық және шұғыл медициналық көмек жағдайында медициналық көмек көрсететін қызмет беруші, 18-і – стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек жағдайында медициналық көмек көрсететін қызмет беруші бақ сынады.
— Жеңімпаздар екі бағыт бойынша анықталды. Медициналық мекемелердің жұмысы 6 индикатор негізінде бағаланды. Олар: қаржылық тұрақтылық, ақпараттық жұмыс, түскен шағымдармен жұмыс, пациенттерді қолдау қызметінің көрсеткіштері, қаржылық сауаттылық пен Qalqan жүйесіне қатысуы. Барлық индикаторлармен ұпаймен есептеліп, үздіктердің аттары белгілі болды, — дейді филиал директоры Айнагүл Давлетчина.
Айта кеткен жөн, он жыл ішінде Қор медициналықкөмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіруге жәнехалыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасынбақылауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарып келеді.Осы айтулы мерейтой аясында, денсаулық сақтаусубъектілерінің қызмет сапасын арттыруды ынталандыру, үздік тәжірибелерді анықтау және кәсіби көшбасшылардықолдау мақсатында «Медициналық көмектің флагманы» байқауы ұйымдастырылған болатын.
— МСАК, консультациялық-диагностикалық және шұғыл медициналық көмек жағдайында медициналық көмек көрсететін қызмет берушілер қатарынан – «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КММ жеңімпаз атанды. Екінші санатта, яғни стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек жағдайында медициналық көмек көрсететін қызмет берушілер ішінен – «Панацея» отбасылық медицина орталығы» ЖШС жеңіске жетті. Байқау барысында қатысушылар МӘМС жүйесі туралы мәліметтерді әлеуметтік желіде жариялағанын атап өткен жөн. Барша тұрғындар сақтандырудың маңыздылығын түсінуі қажет. Сонда ғана медицинамыз дамиды әрі науқастар сапалы қызметтерге қол жеткізе алады. Біздің басты ортақ міндетіміз ұлт саулығы екенін ұмытпауымыз жөн, — деді Айнагүл Давлетчина.
Жеңімпаздарға арнайы естелік кубогтар табысталды. Шара барысында Қордың жеткізушілері МӘМС жүйесі туралы өз ойларын айтып, сапалы медициналық қызмет түрлерін бірлесе тұрғындарға жеткізу қажеттігіне назар аударды.

