Жарияланған күні: 18.09.2026
СҚО-да «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өтті
СҚО-да «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өтті.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Аққайың ауданында «Дайындық агро» ЖШС өз қаражаты есебінен Дайындық негізгі мектебінің жанындағы шағын орталықтың және Мәдениет үйінің құрылысын аяқтады.
Ал Мамлют ауданының Становское селолық округінде «Агро-Рада» ЖШС ауыл тұрғындары мен жергілікті мектеп оқушыларына қолдау көрсету мақсатында заманауи жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңын салуға және орнатуға демеушілік жасады.
Аталмыш игі істер қайырымдылық жасау шеңберінде жасалды. Шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастықтың серіктестігін дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға арналған болатын.

