Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жамбыл ауданында су мәселесі өткір тұр

«Әділет» партиясы СҚО филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Жамбыл ауданында өтті. Буденное, Пресноредуть, Калиновкан, Нұрымбет және Чапаев ауылдарының тұрғындары ауыз сумен қамту, жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін көтерді.

Буденное ауылында негізгі мәселелердің бірі – сумен қамту. Қазіргі таңда тұрғындар терең ұңғымадан алынатын суды пайдаланады, ал ауылда орталықтандырылған су құбыры жоқ. Сумен қамтамасыз ету мәселесі бұған дейін де көтерілген. 2025 жылы ауыл тұрғындарының өтініштерінен кейін су резервуары тазартылған

Бүгінде 165 ауланың 92-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Мәселені тек суды басқа елді мекеннен тарту арқылы шешуге болады. Алайда бұл үшін шамамен 38 шақырым су желісін салу қажет. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленбеген.

«Қазір Буденное ауылы үшін сумен қамтудың ең тиімді нұсқасын және оны іске асыруға қанша қаражат қажет екенін анықтау маңызды. Әзірге жоба жоқ, сондықтан нақты мерзімдер туралы айтуға әлі ерте. Тұрғындардың өтінішін тіркедік. Ендігі жерде қандай шешімдер ұсынуға болатынын және жобалау жұмыстарын бастау үшін не қажет екенін анықтаймыз», – деді «Әділет» партиясы СҚОФ төрайымы Қалия Төренова.

Тұрғындар ауылішілік жолдардың жағдайына қатысты да мәселелерді көтерді. Буденное ауылында жолға орташа жөндеу жүргізу қажет болса, Калиновкада шұңқырларды жөндеу, Нұрымбетте ауылға кіреберіс жолдың 2,4 шақырым учаскесін қиыршық таспен төсеу қажет. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Ал Чапаевка тұрғындары көлдер арнасынан асатын учаскедегі жолға ерекше назар аударуды сұрады. Тұрғындардың айтуынша, су жайылатын кезеңде бұл учаскеден көлікпен өту қиындайды. Сондықтан жол жамылғысын нығайту қажет.

Пресноредуть ауылында тұрғындар қосымша көшелерді жарықтандыру және IT-орталық құру мәселесін көтерді. Барлық өтініш мобильді қоғамдық қабылдаудың арнайы тізіліміне енгізілді. Әр мәселе бойынша одан әрі атқарылатын жұмыстар белгіленді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *