Петропавлда дағдарыс орталығы ашылды
Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Ол 50 адамға шақталған.
Орталықта әйелдер балаларымен бірге уақытша тұрып, мамандардың көмегін ала алады. Нысан өңірлік қолдау жүйесіне енді.
Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, бұл жерде әйелдерге әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіледі. Осы мақсатта арнайы кабинеттер жабдықталған. Сондай-ақ, әлеуметтік педагог, балалар тәрбиешісі және медицина қызметкері де бар. Балалар үшін ойын алаңы мен оқуға арналған орын қарастырылған. Сондай-ақ асхана, демалыс және бос уақытты өткізу аймақтары бар.
— Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің жанайқайын естіп, олар үшін қауіпсіз орын дайындадық. Орталықта білікті көмек алады. Қала тұрғындары ғана емес, өңірдің кез келген ауданынан әйелдер жүгіне алады, — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Орталықты құруға жергілікті бюджеттен шамамен 172 млн теңге жұмсалды.

