Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

Еңбек күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттады. Биыл облыс кәсіпорындары мен ұйымдарынан 36 өтінім түсіп, тоғыз аталым бойынша үздіктер анықталды.

«Парыз» байқауында қызметкерлеріне лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасап, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген кәсіпорындар атап өтілді. Жеңімпаздар қатарында «Акселеу», «Шал акын АГРО-2020», «САҒАТ-СК», «Александровское», «Утилизация и переработка» және «Бай-Еңбек» серіктестіктері бар.

«Еңбек жолы» байқауы еңбегімен өзгелерге үлгі болып жүрген жандарды дәріптейді. Үздік еңбек әулеті аталымында Есіл ауданындағы «Азия-Тарангул» серіктестігінде еңбек ететін Чесноковтар отбасы жеңіске жетті. С. М. Киров атындағы зауыттың қызметкері Санат Мақанов жұмысшы жастардың үздік тәлімгері, ал Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының қызметкері Айдарбек Қалидаров өндірістегі үздік жас маман атанды.

Облыс әкімі жүлдегерлерді құттықтап, барлық қатысушыларға кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ жеңімпаздарға республикалық кезеңде табыс тіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *