Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бизнесмен түзету мекемесінде спорт алаңын тұрғызды

СҚО түрмесінде бизнесмен 20 млн теңгеге спорт алаңын салды.

Спорт қайта әлеуметтендіру құралы ретінде: № 51 мекемеде жаңа алаң ашылды. Айыртау ауданына жұмыс сапары аясында облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов № 51 мекемеде болып, сотталғандарды ұстау жағдайларымен, олардың жұмыспен қамтылуымен және қайта әлеуметтендіру жұмысымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен мекеме аумағында «Ресурс 2018» ЖШС қолдауымен «Бизнестен 100 ізгі іс» бастамасы аясында заманауи спорт алаңы құрылды.

Кәсіпкердің қаражатына құны 20 миллион теңгеден асатын 800 шаршы метрлік әмбебап алаң салынды. Бюджет қаражаты тартылмаған.

Бұл өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі осындай форматтағы алғашқы заманауи спорт нысаны.

Алаңда сотталғандар футболмен, баскетболмен және басқа да спорт түрлерімен айналыса алады.

Жоба сотталғандарды пайдалы жұмыспен қамтуға бағытталған. Сондай-ақ тәртіпті нығайту және оларды түзету мен қайта әлеуметтендіру үшін жағдай жасау.

Соңында алаң ашылып, алғашқы спорттық ойындар өткізілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *