Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Өзбекстан азаматы ұсталды

Петропавлда аса ірі көлемде есірткі партиясын жеткізген Өзбекстанның 25 жастағы азаматы ұсталды. Күдіктіден 250 грамм синтетикалық есірткі — α-PvP тәркіленді.

СҚО ПД мәліметінше, шетел азаматы елімізде заңды негізде жұмыс істеген. Алайда бұл ақшасы аздық етіп, ол психотроптық заттар сататын интернет-дүкенге «жұмысқа орналасқан». Осылайша есірткі Астанадан Петропавлға жеткізген.

Жыл басынан бері полицейлер Солтүстік Қазақстан облысына басқа өңірлерден есірткі жеткізудің 30 арнасының жолын кесті. 225 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 99-ы есірткі өткізудің фактілері.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, әдетте есірткіні байланыссыз өткізуге арналған қылмыстық схемаларға қатысушылар интернет-дүкендерде екі айдан артық жұмыс істеп үлгермейді. Одан кейін — ұстау, сот және кемінде 7 жылға бас бостандығынан айыру.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *