2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жылу кезең-кезеңмен беріледі

«Петропавл жылу желілері» ЖШС үйлер мен нысандарға жылу берілудің кестесін ұсынды. Оған сәйкес, жылуға алдымен әлеуметтік маңызы бар мекемелер қосылады.

Кәсіпорын ақпараты бойынша жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °С болғанда анықталады. Балабақшалар, медициналық мекемелер, мектептер жылыту маусымы басталғаннан 1-2 күннен кейін қосылады. 19-шы, 20-шы шағын аудандар және Юбилейный, «Борки» кенттері — үшінші күні қосылады. 

Кейін «Береке» шағынауданы, Вокзал маңы және Жұмысшы кенті — төртінші күні. Бесінші күні — БЖ аудандары Шухов-Мүсірепов-Набережная-Жамбыл көшелерінің шегіндегі ғимараттар жылуға қосылады.

Мүсірепов — Н.Назарбаев — Жабаев — Алматы көшелерінің шекарасында жылыту маусымы басталғаннан бастап алтыншы күні жылумен қамтамасыз етіледі. Жетінші күн — қаланың оңтүстік бөлігі. Сегізінші күні — Театральная — Мұқанов — Мир — Абай шекарасындағы үйлер мен нысандар. Содан кейін — жылу «Жас өркен» шағын ауданына қарай жүреді. Оныншы күні жылу жүйесіне тәуелді тұрғын үйлер іске қосылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *