Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да тұрғын үйлер құрылысы жалғасып жатыр

Петропавлда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жаңа тұрғын үйлер салынып жатқан аумақтардың бірі – Копай шағын ауданы. Мұнда ескі үйлердің орнына көппәтерлі үйлер бой көтеруде. 2 үйге тұрғындар қоныстанды, тағы 4-ін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген бір бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Тағы 7 үй жобаланып жатыр, олардың құрылысы келесі жылы басталады. Шағын ауданда мектеп салу да жоспарланған.

Жалпы, 2026 жылдың соңына дейін Петропавлда 461 пәтерлік бес көппәтерлі үйді пайдалануға беру көзделген. Пәтерлер «Отбасы банк» арқылы сатылымға шығарылады. Соның нәтижесінде 1,8 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.

Копайда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге есептелген облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы салынып жатыр. Онда симуляциялық оқу орталығы, сондай-ақ санитариялық көліктерге арналған жөндеу және жуу орындары болады. Қазіргі станция салынғанына 120 жылдан асқан ғимаратта орналасқан және небәрі 500 шаршы метрге жуық аумақты алып жатыр.

Өзге де медициналық нысандардың құрылысы жалғасуда. Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхананы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Петропавлда 480 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана салынып жатыр. Оны 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.

Уәлиханов көшесіндегі 280 орындық балабақшаның құрылысы 90 пайызға аяқталды. Оны қазан айында ашу жоспарланған. Жаңа балабақша шағын аудандағы мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Прибрежное ауылына апаратын жол өткелін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл көпір салу және ауыл жағынан жер үйіндісін төсеу жоспарланған. Жұмыстарды 2027 жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *