СҚО прокурорлары тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында тікелей эфир өткізді.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Солтүстікқазақстандықтар прокуратураның ресми Instagram-парақшасында сұрақтар қойған. Эфир барысында прокуратура өкілдері қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сұралды. Прокурорлар қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметіне тоқталды. Заңнаманы түсіндіруге және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық шараларға ерекше назар аударылды. Жеке блок құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты болды.
— Облыс прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады. Сондай — ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бойынша,-деп толықтырды қадағалау органының баспасөз қызметі.

