СҚО жол саласы ардагерлерінің аллеясы ашылды
Қарттар күні қарсаңында Тайынша ауданының Келлеровка ауылында жол саласының ардагерлеріне арналған аллея ашылды. Бастаманы жүзеге асырған – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК СҚОФк Қазақстан облыстық филиалының, «Қажсервис» ЖШС ұйымы.
Аллея аумағына ағаштар отырғызылып, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Жаңа аллея — ұзақ жылдар бойы жол саласының дамуына үлес қосып, автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау ісіне елеулі еңбек сіңірген ардагерлерге деген құрмет пен алғыстың символы.
Аллеяның ашылуы — аға буын жолшыларына көрсетілген құрметтің белгісі. Сонымен қатар бұл олардың еңбек жолын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа саладағы дәстүр мен мол тәжірибені жеткізудің маңызды мүмкіндігі.

