СҚО-да жаңа жоба іске асырылмақ
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың төрағалығымен Омбының «ДИБОР» ШЖҚ басшылығымен «Тұқым себу және топырақты өңдеуге арналған техника өндірісі» инвестициялық жобасын іске асыру мәселесі бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде СЗС-2,1 («Омичка») тұқым себу кешендерін және топырақты өңдеуге арналған техниканы өндіруді көздейтін жобаны іске асыру жайы талқыланды.
Жобаны екі кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұйымдастыру, екінші кезеңде суару жүйелерін өндіру көзделген. Кездесу қорытындысы бойынша жобаны одан әрі пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізіліп, тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары айқындалды.
Сонымен қатар «ДИБОР» шектеулі жауапкершілікті қоғам «Qyzyljar» АЭА басқарушы компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

