Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ЖРВИ-ді 3 мыңнан астам адам жұқтырды

Жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы бері облыста жіті респираторлық вирустық инфекцияны 3 356 адам жұқтырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2% көп болып отыр.

Облыста 6 қазаннан бастап халықты тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Осы мақсатта Ресейде өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынған.

— Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі жоғары топтарға салынады. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлері мен қарттар үйлерінің тәрбиеленушілері және тұрғындары бар. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер, мектеп оқушылары, егде жастағы азаматтар вакцинациялауға жататын топтарға кіреді. Тұмауға қарсы екпе бұл адамдарға тіркелген емханада тегін салынады. Қазіргі уақытта облыста қауіп тобына жататын 6 675 адам вакцина алды, — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, шаршау, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жатады. Мұндайда сырқат өздігінен емделмей, медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Қажет болған жағдайда дәрігерді үйге шақырған жөн. ЖРВИ мен тұмау асқынған жағдайда пневмония сияқты қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *