СҚО-да жол апаты 3 адамның өмірін қиды
«Петропавл – Көкшетау» тас жолында жантүршігерлік жол апаты тіркеліп, 3 адам мерт болды. Қаза тапқандар Жамбыл ауданындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері екені белгілі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында орын алды. Төтенше жағдай Тайынша ауданындағы Кременчуг ауылының жанында тіркелді. Жолда бес көлік соқтығысып, 3 адам бірден жан тапсырды. Олар Жамбыл ауданына қарасты балабақшада жұмыс істегені белгілі. .
— Салдарынан «Audi» автокөлігінің 3 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 20 жастағы көлік жүргізуші, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ, — делінген СҚО ПД ақпаратында.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ол үшін тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Апат қалың тұманнан болуы ықтимал деген болжам келтірілуде.

