Қазанның 23-і Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Петропавлда 23 қазанда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Онда жергілікті тауар өндірушілері өнімді қолжетімді бағамен ұсынады.
Қала тұрғындары мен қонақтары Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен ет және ет өнімдері, картоп және көкөніс, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал және басқа да азық-түлік өнімдерін сатып ала алады.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі сатып алушыларға жергілікті өнімді өндірушілерден тікелей сатып алуға, ал аграрилерге өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынуға мүмкіндік береді.
Сауда 23 қазан, жұма күні сағат 09: 00-ден 14: 00-ге дейін жүргізіледі. Азық-түлік жәрмеңкесі Мағжан Жұмабаев көшесінің Интернационал және Пионеркөшелерінің қиылысында өтеді.
Жем-шөп жәрмеңкесі Космонавтов көшесінде өтеді.

