Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 30 жас полицей ант қабылдады

Петропавлда облыстық полиция департаменті гарнизонының жеке құрамына қысқы киім нысанына көшуіне байланысты саптық байқау өткізілді.

Байқаудың басты оқиғасы әртүрлі бөлімшелерден келген 30 жас полиция қызметкерінің ант қабылдауы болды. Олар салтанатты жағдайда әріптестерінің алдында халық пен мемлекетке адал қызмет етуге ант берді.

СҚО ПД бастығы Руслан Назаров жеке құрамның қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін және қызметтік жарғы талаптарын білуін тексерді.

СҚО ПД арнайы және кәсіптік даярлық басқармасының саптық байқауы жеке құрамның оркестр сүйемелдеуімен салтанатты шерумен аяқталды. Іс-шарадан кейін қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *