Жарияланған күні: 21.10.2026
СҚО-да балалардың еркелігі салдарынан үй өртеніп кете жаздады
Солтүстік Қазақстан облысында балалардың еркелігі салдарынан ауыр өрт болды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар өрттің Петропавлдағы көрші құрылыстар мен үйлерге таралуына жол бермеді.
— Жеке тұрғын үйдің аумағында гараж мен үйдің шатыры жанып кетті. Өрттің таралу қаупін тудырған қатты желге қарамастан, өрт сөндірушілер өртті тез арада оқшаулап, жойды. Олар тұрғын үйді құтқарып, өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді. ТЖМ күшімен 3 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ,-деп түсіндірді баспасөз қызметі.

