Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жол апаты: 57 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

«Астана — Петропавл» тасжолында бес көлік соқтығысқан жол апатынан зардап шеккен 57 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, отадан кейін жансақтау бөлімінде жатқан әйел бүгін, 2026 жылғы 20 қазанда таңертең қайтыс болды. Осылайша, жол-көлік апатында мерт болғандар саны төрт адамға жетті. Марқұмдардың барлығы Жамбыл ауданындағы балабақшада жұмыс істеген.

Естеріңізге салайық, жол-көлік оқиғасы 15 қазан күні таңертең Тайынша ауданындағы Кременчуг ауылының маңында болған. Бес адам отырған жеңіл көлікті артынан екінші жүк көлігі соққан. Салдарынан Audi-дегі үш жолаушы — Жамбыл ауданындағы балабақшаның меңгерушісі мен екі тәрбиеші оқиға орнында мерт болды.

Тағы екі адам, жеңіл көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бірнеше күн бойы 57 жастағы тәрбиешінің өмірін сақтап қалуға тырысты. Бес адамның ішінен 20 жастағы жүргізуші ғана аман қалды.

Апатқа қатысқан өзге көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *