Медициналық сақтандыру қоры жаңа сервисті іске қосты
Сақтандырылған мәртебені тексеру мен қалпына келтіру, қажетті медициналық көмекті қалай алады, қиындық туындаған жағдайда қайда хабарласу керек – осы және өзге де тақырыптарды ұйым өтінімде көрсете алады. Сондай-ақ нақты жағдайды сипаттап, қосымша материалдарды қоса тіркеуге мүмкіндік бар.

Қордың міндеті: азаматтың өзіне қандай медициналық көмек алуға құқылы екенін және оны қалай алу керегін нақты түсінуі. Сондықтан кездесулер ұжымның сұрақтары негізінде әзірленеді: өңірлік филиалдардың мамандары көрсетілген жағдайларды алдын ала зерделеп, әрекет ету тәртібін түсіндіреді.
Өтінім беру үшін msqory.kz сайтында өңір, ұйымның түрі мен атауы, байланыс деректері, сұрау салу тақырыбы мен мазмұны көрсетіп арнайы нысанды толтыру қажет. Тіркелгеннен кейін электрондық поштаға растау хаты келеді. Өтінім мәртебесін сайт арқылы бақылайды, ал кездесуді Қордың өңірлік филиалдарының мамандары өткізеді.
Жаңа сервис Қордың кеңес беру жұмысын толықтыра түседі. 2026 жылдың тоғыз айында ақпараттық-түсіндіру шараларына 248 мыңнан астам адам қатысты. Онлайн-өтінім ұйымдарға өз ұжымдарының қажеттіліктерін тікелей көрсетуге, ал мамандарға нақты бағытталған түсініктемелер әзірлеуге мүмкіндік береді.

