Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО студенттері үздіктердің қатарында

Оқу, кәсіптік, қоғамдық және жобалық қызметте жоғары нәтижелер көрсететін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты және белсенді оқушыларын анықтауға және қолдауға бағытталған «Қазақстан Республикасының колледж студенттерін ТОП-100» республикалық конкурсы аяқталды. Ең үздіктер қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан 4 студент енді.

Конкурс бірнеше кезеңде өткізілді: ТжКБ ұйымдары деңгейінде, өңірлік және республикалық деңгейлерде. Қатысушылар өздерінің кәсіби және оқу жетістіктері, іске асырылған жобалар, қоғамдық белсенділік және таңдалған мамандықты дамытуға қосқан жеке үлесі туралы ақпарат берді.

Байқау қорытындысы бойынша СҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 4 студенті Қазақстан Республикасының колледждер студенттері ТОП-100 кірді:

— Ералы Жансұр Нұралыұлы — «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК;

— Қожахметова Камила Алматовна — «Петропавл қаласының Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі» КММ;

— Орысбек Айдос Дулатұлы — «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

— Глухова Варвара Андреевна — «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *