Жүк көлітердің әр екіншісі артық салмақпен жүреді
СҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Республикалық маңыздағы трасса бойында тәртіп сақшылары көліктерді тоқтатып, артық салмаққа тексеруде. Жақында ұйымдастырылған рейд аясында 7 ауыр жүк көлігін тоқтатып, оның 4-еуінен артық салмақ анықталды.
«Оңтүстік» бақылау бекетінде инертті материалдарды шамадан тыс артқан төрт көлік иелері жауапқа тартылды.
— Көлікке тиелген артық салмақ жолдағы қауіп-қатерді арттырады. Көлікті басқаруды қиындатып, тежеу жолын ұзартады, — дейді тәртіп сақшылары.
Әкімшілік полицияның мәліметінше, биылғы тоғыз айда СҚО-да жүк көліктерінің жүргізушілері кесірінен болған 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам мерт болып, 25 адам жарақат алды.

