Петропавлдағы саңырауқұлақ фермасы өндіріс көлемін ұлғайтпақ
«EcoGlade» ЖШС саңырауқұлақ өнімдері мен мицелий өсіретін заманауи жылыжай кешенін 2025 жылдың соңында іске қосты. Қазір фермада өндірістік алаңдарды кеңейтуге дайындалуда. Петропавлда саңырауқұлақ өсіру көлемі екі есеге артады.
Іске қосылғаннан бері фермада айтарлықтай өзгерістер болды. Жарты жылдың ішінде қуаттылық артты — қазір айына 90 тонна саңырауқұлақ өсіріледі. Екі айдан кейін 180 тонна өндірістік қуаттылыққа шығады.
Компост өндірісін іске қостық. Бұрын оны Ресейден импорттаған. Енді шампиньондарды өз компостында өсіреді. Жыл соңында фермада шампиньондарды қайта өңдеу — консервілеу және мұздату іске қосылады. Қажетті жабдықтар келіп, құрастырылуда. «EcoGlade» ЖШС-нің басты оқиғасы — саңырауқұлақ фермасының үшінші кезегі құрылысының басталуы.
— Жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жасалып, саңырауқұлақ фабрикасының үшінші кезегінің құрылысы басталды. Шампиньон өсіретін 12 камераға қосымша тағы 12 камераны салатын боламыз. Бұл бізге өндірісті айына 360 тоннаға дейін немесе жылына 4,4 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осылайша біз Қазақстан нарығының саңырауқұлаққа деген қажеттілігінің 50% жабамыз. Пайдалануға беру 2027 жылдың жазында жоспарланған, өндірістік қуаттылыққа шығу шамамен 3-4 айды алады, — деп түсінік берді «EcoGlade» ЖШС директоры Екатерина Асаёнок.
Қазір өнім Петропавл, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар нарықтарына жеткізіледі. Өндірістің ұлғаюымен Қазақстан бойынша жеткізу географиясы кеңейтіледі.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Құрылысты қаржыландыру «Солтүстік» ӘКК «АҚ және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «СҚО тәжірибесін көбейту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жобаның жалпы құны 17 млрд теңгені құрайды. Фермада 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

