Жарияланған күні: 10.11.2026
Петропавлда ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша байқау өтті
Петропавлда ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызығушылық танытып отырған жастар Sko Hub алаңында бас қосты. Олар алғаш рет облыстық дрон турнирінде бақтарын сынады.
Дрон басқару бойынша сайыс өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу апараттарының шеберліктерін көрсетіп, дайындаған жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Технологиялық жоба авторларына 150 мың теңге беру көзделген.

