Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда полиция ардагерлері арасында жарыс өтті

Солтүстік Қазақстан облысының полиция ардагерлері 10 қараша – Ішкі істер органдары ардагерлері күнін спорттық жарыспен атап өтті. Мереке қарсаңында Петропавл қаласында «ARLAN» спорт клубының қолдауымен СҚО ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы мен облыстық полиция департаменті Ардагерлер кеңесі бірлесіп спартакиада ұйымдастырды.

Жарысқа департамент пен аудандық полиция бөлімдерінің ардагерлері қатысты. Волейбол жарысы «Береке» шағын ауданындағы көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде СҚО ПД бастығы Руслан Назаров ардагерлермен тығыз байланыс орнатудың жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен патриоттық тәрбиесіндегі маңызын атап өтті. СҚО ПД және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов та мерекенің маңыздылығына тоқталды.

– Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні әрдайым жүрегімізден ерекше орын алады, – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан СҚО ПД ардагерлерінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Есіл және Шал ақын аудандарының біріккен құрамасы иеленсе, үшінші орын Жамбыл, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарының біріккен командасына бұйырды. Жеке номинациялар бойынша үздік либеро атағы жуырда Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған Марат Серкешовке берілді. Үздік шабуылшы болып Есіл ауданынан Вячеслав Бажнин, үздік байланыстырушы болып Жамбыл ауданынан Серік Кәкімжанов танылды. Үстел теннисінен СҚО ПД өкілі Виталий Тыщенко бірінші орын иеленді. Александр Малый екінші, Тайынша ауданынан Сергей Дидух үшінші орынға тұрақтады.

Тоғызқұмалақтан Тайынша ауданынан Марат Рахметов жеңімпаз атанды. Аққайың ауданынан Тұрсынбек Шайсултанов екінші, Қызылжар ауданынан Балғабай Рахметов үшінші орын алды.

Шахмат сайысында Мамлют ауданынан Мұрат Қожаев үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Тайынша ауданынан Ертарғын Шаяхметов екінші, Қызылжар ауданынан Серік Жусалин үшінші орынға ие болды.

Спартакиада ардагерлердің спортқа деген қызығушылығы мен белсенді өмір салтын ұстануға деген құлшынысын тағы бір мәрте көрсетті. Олардың жігері мен өмірге деген құштарлығы кейінгі буын полицейлер үшін де үлгі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *