Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жерлесіміз Ербол Хамитов джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды

Паралимпиаданың пара шаңғыдан чемпионы Ербол Хамитов БАӘ астанасында жеңімпаз атанды. Жерлесіміз 18-ші Abu Dhabi World Professional Jiu-JJ халықаралық турнирі аясында өткен Abu Dhabi World Para Jiu-Jitsu Championship 2026 паралимпиадашылары арасында джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Men’s Para Jiu-Jitsu (A3 класы) санатында ерлер арасында қызыл белдеу дивизионында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының өкілі қарсыластарына мүмкіндік қалдырмай, турнирлік қашықтықтан сенімді өтті.

БАӘ джиу-джитсу федерациясының (UAEJJF) ресми хаттамаларына сәйкес, қазақстандықтың атаққа жету жолы былайша қалыптасты.

Жартылай финалда Ербол Хамитов бразилиялық спортшы Джексон Рибейромен (Commando Group) кездесіп, 8:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Алтын үшін шешуші жекпе-жекте қазақстандық АҚШ өкілі Растин Хьюзбен (US Parajitsu) татами жарысты. Ақтық сайыс Хамитовтың 13:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша А3 санатындағы табан төмендегідей бөлінді:

Алтын — Ербол Хамитов (Қазақстан)
Күміс — Растин Хьюз (АҚШ)
Қола — Джексон Рибейро (Бразилия).

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *