Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы ауруханада солтүстікқазақстандықтар МӘМС аясында оңалтудан өте алады

Бескөл ауылының тұрғыны Зәуреш Қалиманованы ұзақ уақыт бойы тізесі ауыртып жүрді. Ауруханаға барғаннан кейін дәрігерлер ота жасауға шешім қабылдады. 2023 жылы оған гонартроз диагнозы қойылған.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы Зәуреш Қалиманова сол тізесіне ота жасатты. Кейін оңалту курстарынан өтті.

— Оңалтудан өткеннен кейін оң тізесін тексеруді ұйғарды. Оң жақты гонатроз диагнозы қойылды. Маған тізе буынын протездеді. Және оңалту тағайындалды. Қазір емделудемін, — дейді Зәуреш Қалиманова.

Қазіргі уақытта пациент оңалтудың екінші кезеңінен өтуде. МӘМС аясында емделіп, жақын арада үйге оралмақшы.

— Буынды протездеу МӘМС пакетіне кіреді. Қалиманова МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оған қалпына келтіру үшін барлық қажетті процедуралар қолжетімді. Қазір ол сауығып келеді, тізесінің ауыруы жоқ, — дейді оңалтушы Тоғжан Зайнош.

Айта кету керек, МӘМС аясында барлық оңалту түрлері қолжетімді. Әрбiр «сақтандырылған» дәрiгердiң жолдамасы бойынша қажетті ем-дом қабылдай алады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *