Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Сотталғандарға қойылым қойылды

СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №50 мекемесінде Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма
театрының  әртістері театрландырылған қойылым қойды. 
СҚО прокуратурасының мәліметінше, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасының үйлестіруімен ҚАЖ департаментімен және облыс әкімдігімен бірлесіп, №50 мекемеде Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртістері дайындаған театрландырылған қойылым көрсетілді. Негізгі мақсаты сотталғандарға рухани-адамгершілік және мәдени тәрбие беру, заңға, жалпы адамдық және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар үшін жеке жауапкершілікті сезіну болды.
Спектакльді 230-дан астам сотталған тамашалады. Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына, олардың әлеуметтік бейімделуіне және босатылғаннан кейін қоғамға қайта бейімделулеріне ықпал етеді, сонымен қатар қылмыстың қайталануының алдын алуға бағытталған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *