Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ЖЭО –да болды
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл ЖЭО болып, жылыту маусымына дайындық бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды тілшіміз.
Станцияда жылыту маусымына 10 қазандық пен 6 турбоагрегат дайын. Бұл облыс орталығын жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Жаңа мұржаның құрылысы жалғасады. Қазір мұржаның ауытқыған жері бұзылып жатыр. Ол жылыту маусымына кері әсерін тигізбейді. Сондай-ақ қалада жылу желілерін ауыстыру және жылу магистральдарын тарту жұмыстары жүргізілуде.
«Қала тұрғындарын облыс орталығын жылумен қамту мәселесі алаңдатып отыр. Қаламызды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Мен бұл мәселені қатаң бақылауда ұстаймын», — деп жазды облыс әкімі өзінің парақшасында.