Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН АКЦИЗДЕЛМЕГЕН ТЕМЕКІНІ ТӘРКІЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықтады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әр түрлі атаулары бар 1805 темекі қорабы тәркіленді.

Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тінту кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні анықтады. Осылайша, құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен 9716 қорап темекі өнімі алынды. Пысықайлар бір темекі қорабын орта есеппен – 350 теңгеден саудалаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБТК 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жиналды», — деп хабарлад облстық полиция департаментінің баспасөз қзметі.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мас күйде жасалған 329 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Полиция қызметкерлерінің осындай фактілерді анықтау жөніндегі жұмысы жалғасуда.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *