Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ДАҒЫ ЛЕНИНСКОЕ АУЫЛЫНДА МАЛДАН БРУЦЕЛЛЕЗ ІНДЕТІ АНЫҚТАЛЫП, ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

Солтүсік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында бруцеллез ауруының ошағы анықталды. Ақпаратты ветеринария басқармасының мамандары растады. Осыған байланысты елдімекенде шектеу шаралары енгізілді. Қазіргі таңда мұнда сүт, ет өнімдерін тасымалдауға қатаң тыйым салынып отыр.  Ал бағып отырған малынан айрылған жергілікті тұрғындар төленіп жатқан өтемақыға көңілі толмайды.

Бруцеллез – малда, адамда созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Абырой болғанда қауіпті кеселге тұрғындар шалдыққан жоқ.

Ленинское ауылы облыс орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. Аталған елдімекенде мамыр айынан бастап, 63 ірі қарадан қауіпті кесел анықталған. Қазір жауапты мамандар сауын сиырларды жүк көлігіне тиеп, әкетіп жатыр. Мал санитарлық союға жіберіліп, еті шұжық комбинатына жөнелтіледі.

Ауыл тұрғыны Гүлбақша Сыздықова қорасында қалған жалғыз сиырынан ғана емес, табыс көзінен де айрылып отыр. Ірі-қара саны азайғандықтан бақташылар да мал бағудан бас тартқан. 

«Екі сиырым бар еді. Алдында біріншісін әкетті, міне енді екіншісін алып кетті.  Аузымыздан жырып әкетіп жатыр. Енді қалай күн көреміз, білмеймін. Жұмыс жоқ, жалғыз  пенсияға қарап отырмыз. Оңай емес әрине»,- дейді Ленинское ауылының тұрғыны Гүлбақша Сыздықова.

Петропавл қаласында орналасқан шұжық комбинаттары етті нарықтағыдан екі жарым есе арзан бағаға алады. Осылайша жергілікті халық маңдай термен тапқан малын төмен бағаға тапсыруға мәжбүр. Айтуларынша мемлекет тарапынан берілетін өтемақыны қосқанда сиырдың жарты бағасы да шықпайды.

«Шырылдап жатырмыз, күніміз осы малға қарап отыр ғой енді. Ауылда айтарлықтай жұмыста жоқ. Ірі қараның арқасында өмір сүріп, күнімізді көріп отыр едік. Мынау қауіпті індет қайдан келгенін білмей далмыз.  Барлық малымды өткізіп жібердім. Себебі жауаптылар үрейленіп жаппай әкетіп жатыр» , — дейді ауыл тұрғыны Берік Жүзенов.

Айта кету қажет аталған ауылда ірі шаруа қожалығы бар. Жауаптылардың пайымдауынша алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі серістестік басшысы малдарын қамауда ұстап отыр.

«Санитарлық нормаларға сәйкес ең алдымен бруцеллез анықталған мал сою алаңына жіберіледі. Қалған малдар қазір тексеріліп жатыр. Бүгінгі күні Аққайың ауданы Ленинское ауылында індет анықталған 41 малдың иесіне өтемақы төленді. Ол шамамен 5,6 миллион теңгені құрап отыр. Дәлірек айтсақ. 30 пайызды мемлекет, яғни облыс бюджетінен өтелсе, қалған 70 пайызды осы сою алаңындағы кәсіпкерлер төлейтін болады»,- дейді СҚО ветеренария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Шектеу шаралары енгізілген елдімекеннен індеттің әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында мұндағы ірі-қаралардан әр 20 күн сайын сараптама алынып тұрады.

Жалпы жыл басынан бері өңірде бес ауданда 170 малдан осындай кесел табылған екен. Сәйкесінші мерзіммен салыстырғанда көрсеткіш әлдеқайда төмен.

Айта кету қажет облыста биыл алты мыңға жуық малға осы бруцеллезге қарсы вакцина қойылыпты.  Тек жұмыстардың басым бөлігін шаруашылық иелері жүргізілген. Қарапайым халық малдарына екпе қоюға асығар емес.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *