Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Балдәурен» балабақшасында медицина қызметкерінен туберкулез анықталды (видео)

Облыс орталығында орналасқан «Балдаурен» балабақшасының медициналық қызметкерінен туберкулездің ашық формасы анықталды. Бірақ,  мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің басшылығы бұл фактіні ата-аналардан жасырмақ болды деп хабарлайды тілшіміз.

Ашуға булыққан ата-аналар балалары үшін алаңдаулы. «Балдәурен» балабақшасындағы жағаұстатарлық жайттың жай-жапсары белгілі болды. Туберкулез індеті медбикенің бойынан анықталды. Мұны мекеме басшылығы қазанның 4-і күні білген. Ал ата-аналарға бұл хабар тек бүгін жетіп отыр.

«Күні кеше WhatsApp желісіндегі тобымызға қайта жолданған күйінде хабарлама келді. Онда «балабақшада зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді, балаларыңызды алып кетіңіздер» деп жазылған. Сәйкесінше кейбір ата-аналар ұл-қыздарын ертерек алып кетті. Бірақ, бүлдіршіндердің көбі осында кешке дейін болды. Не себепті зарарсыздандырудың жүргізілетіндігі жайында ертерек айтылмады? Бүгін дезинфекциялау орталығына хабарластым. Ондағылар медбикеден туберкулез анықталғанын растады», — деді Петропавл қаласының тұрғыны Әсел Әбутәліпова.

Сорақысы сол зарарсыздандыру жүмыстары жүргізіліп жатқан кезде балалар жатын бөлмеде ұйықтап жатқан. Ата-аналардың айтуынша салдарынан бірнеше  бүлдіршіндер өзін жайсыз сезінген. Бүгінде кейбірінің көздері қызарып, тыныс алулары қиындаған. Яғни аллергияға шалдыққан деседі.

Ата-аналардың бұл сұрағына дезинфекциялау орталығының маманы жауап берді. Қолданылған препараттардың қаупі төмен. «Оның үстінде балалар жатын бөлмеде болды»,- дейді орталық басшысының орынбасары Жұлдызбек Жамантаев.

Жалпы, туберкулезге шалдыққан ақхалатты «Балдәурен» балабақшасында  2022-ші жылдың желтоқсан айынан еңбек етіп келеді.  13-ші қыркүйек күні өзін жайсыз сезінген азаматшаға дәрігерлер пневманияға шалдыққан деп топшылаған.

«Терапевтің нұсқауы бойынша біздің медбике 5 күн бойы үйінде ем алды. 15 күннен кейін рентгеннен қайта өтті. Өкініштісі ол дұрыс болмай шықты. Артынша анализ тапсырды. Осылайша қазанның 4-і күні қызметкеріміздің бойынан туберкулез таяқшасы анықталды. Ол жұмыстан 2-сі күні шеттетілді», — деді «Балдәурен» балабақшасының директоры Мәдина Дарбаева.

Төбе шаштары тік тұрған ата-аналардың қорқынышы анықталған аурудың ашық түрі екендігін естігенде үдей түсті. Жұғудың алдын алу мақсатында балаларға дүйсенбіден бастап екпе қойыла бастайды. Ал мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме карантинге жабылмайды.

«Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы медициналық тексерістен өтеді. Ал індет анықталған медбике жұмыстан уақытша шеттетілді. Осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Алдағы уақытта мәселенің мән-жайын анықтаймыз», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Қазір балабақшада 340-қа тарта бала тәрбиленеді. Олар күнделікті мекемеге баруларын жалғастыра береді. Бұл жағдайды арнайы комиссия зерттеп, зерделейді. Содан кейін ғана нақты шешімдер қабылданатын болады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *