Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ДА АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Солтүстік Қазақстан облысында мамандар атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты түрде бақылап отырады. Дегенмен, биылдыққа ауаға 7 рет зиянды заттардың бөлінгені анықталған. Санитар мамандар бұл көрсеткіштің айтарлықтай көп емес екендігін айтуда, деп хабарлайды тілшіміз Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.

Қоршаған ортаның жағдайы адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Мәселен, тыныс алу ауруларының 20 пайызы мен қантамырлар жүйесі дерттерінің 10%-ы атмосфералық ауаның ластануынан пайда болады. Сондықтан, бұл проблема қазір өзекті болып тұр. Жағдайды ушықтармас үшін жергілікті санитар мамандар облыс орталығы мен аудандардағы ауа сапасын жиі-жиі тексеріп отырады.

«Облыс аумағында ауаны ластайтын ірі өндірістік кәсіпорындар айтарлықтай көп емес. Сондықтан атмосфера өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда таза деуге болады. Дегенмен, Петропавл 2-ЖЭО мен автомобильдердің ауаға зиянды заттарды тарататыны да жасырын емес. 2023 жылдың 6 айында осы бағытта 7684 сынама алынды. Нәтижесінде, 7 рет ауаның ластанғанынанықтадық. Көміртегі оксиді, фенол сынды химиялық заттар негізінен Петропавл қаласында шектен асқан», – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Айгүл Мурталимова

Ластанған ауа тұрғындарға кері әсерін тигізбес үшін сала мамандар табиғат аясына жиі шығып,  серуендеп тұруға кеңес береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *