Қызылжар ауданының орталығы Бескөл аулында тұрақтандыру қорының сауда нүктесі ашылды
Бескөл ауылында ашылған тұрақтандыру қорының сауда нүктесінде 1 келі күріш 300 теңге тұрады. Яғни, екі есе арзан. Өзге азық-түлік түрлерінің де бағасы нарықтағыдан біршама төмен. Мәселен картоп пен сарымсақты – 100, сұйық майды – 590, жұмыртқаны – 350, ал қантты 460 теңгеге сатып алуға болады. Мұны естіген Бескөлдіктер дүкенге ағылып жатыр. Сүт пісірім уақыт ішінде бірнеше адам есеп айырысып үлгерді.
«Біздің жалақымыз аздау. Сондықтан осындай дүкеннің ашылғанына қуаныштымыз. Тауық етін, күріш пен жұмыртқа алдым», — деді Бескөл ауылының тұрғыны Зәмзәгүл Баймолдақызы.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорының 8 сауда нүктесі бар. Оның 7-еуі облыс орталығында орналасқан. Халықты тұрақты түрде арзан әлі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін корпорация бірнеше тонна өнім сатып алыпты.
«Биыл облыстық тұрақтандыру қорына 11,5 мың тоннаға жуық өнім сатып алынды. Оның 2,5 мыңы – көкөніс. Бізге жеткізілген тауар біртіндеп супермаркеттерде, сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жеке сауда нүктелерінде сатылады. Біздің нүктелеріміз Петропавлдың барлық базарында орналасқан. Енді міне Бескөлде де ашылды», — деді «Солтүстік» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғамали Жұмашев.
йта кетейік, бұл – тұрақтандыру қорының ауылдық жердегі алғашқы сауда нүктесі. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы төмен бағадағы азық-түлік сатылатын дүкендерді өзге аудандарда ашуды әзір жоспарлап отырған жоқ.