Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да сұйытылған газ тапшы

Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған газ тапшы. Қазір өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің көбінде көгілдір отын тек талонмен босатылып жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Қалтаға қолайлы деп көлігін газға ауыстырғандар қалада қазір көгілдір отын таппай қиналып жүр. Себебі газ санаулы станцияда ғана бар.

«Ауылдан келдім. Ол жақта екі аптадан бері газ жоқ. Қазір темір тұлпарыма бензин құйып жүрмін», — дейді жүргізуші Юрий Игнатов.

Жанар-жағармай бекеттерінің көбінде «Газ жоқ» деген жазуды көресіз. Тек ірі компаниялар ғана оны талонмен саудалайды. Бір литрі – 81 теңге.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында 138 газ құю бекеті бар. Оның 36-ы Петропавл қаласында орналасқан.

«Біз тек қоғамдық көліктерге ғана құямыз. Оның өзінде міне екі сағат бұрын таусылып қалды. Енді аптаның соңына дейін болмайды деп жатыр. Жалпы бұл мәселенің туындағанына бір айдан асты»  — дейді жанар-жағармай құю станциясының операторы Руслан Исмагилов.

Жауапты мамандардың айтуынша мұндай мәселе орақ науқаны басталған кезде жылда қайталанады. Яғни қазір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері астық кептіру үшін газды жаппай сатып алып жатыр.

«Орта есеппен біздің өңірге бір айға 5 мың тоннадан астам көгілдір отын қажет. Бірақ қазір орақ науқаны жүріп жатыр. Әрі  жылыту маусымы басталды. Сәйкесінше газға деген сұраныстың артқандығын байқап отырмыз. Сондықтан осындай мәселе туындады. Қазір бізге қосымша көгілдір отын бөлу үшін  министрілікке арнайы  өтініш бердік» — деді облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.   

Жауапты мамандардың айтуынша жақын күндері аймаққа газдың кезекті партиясы жеткізіледі. Негізінен көгілдір отын Павлодар және Ақтөбе облысынан тасымалданады.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *