Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласының әкімдігінің аппараты әр шаршы метрі 35 мың теңге болатын кілем сатып алмақ болған

Қанша күш жұмсалғанымен мемлекеттік сатып алу саясатында әлі де бұзушылықтар тіркелуде. Бұл салада «бағаны жасанды көтеру» деген түсінік бұрыннан бар. Мұндай факті соңғы 9 айдың ішінде өңірімізде 79 мәрте тіркелді. 45 орган тиісті ұсыныс алған, деп хабарлайды тілшіміз.

Нәтижесінде 1,8 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы қазынада қалған. Қомақты сомманың 7,8 млн теңгесі құны нарықтағыдан  бірнеше есе жоғары кілем алуға оқталған қалалық әкімдік аппаратына тиесілі.

«Кілемнің әр шаршы метріне 35 мың теңге ақша жоспарланғаны анықталды. Біз нарықтағы бағаны зерттедік. Осыдан кейін қалалық әкімдік аппаратына ұсыныс жасалды. Нәтижесінде мемлекеттік мекеме жоспарды қайта қарады», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

«Орталық коммуникациялар қызметінің» өңірлік филиалында өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысы Асхат Джакипбеков журналистердің сұрағына жауап берді. Сауалдардың бірі заңның ала жібін аттаған жергілікті Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкіліне қатысты болды.

«Бүгінгі таңда біз Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме бастының орынбасарына қатысты қылмыстық істі қарап жатырмыз. Тұлға алаяқтыққа жол берген. Тиісті заңға сәйкес, мен қазір қолда бар барлық деректерпен бөлісе алмаймын. Іс сотқа жолданғасын барлығы айтылады», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысы Асхат Джакипбеков.

Тілшілер жақында ғана қолға түскен «Агралық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы жайлы да сұрады. Ведомство басшысы қылмыстық іс таяуға қозғалғанын айта келе, толық дерек әзірге жария етілмейтінін мәлімдеді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *