Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда футбол алаңында жарақат алған жасөспірім мерт болды (Видео)

Петропалда футболдан жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды  тілшіміз.

Қайғылы оқиға 16 қазанда кешкі сағат 19.00 шамасында Жабаев көшесіндегі  Қарасай стадионына қарама-қарсы орналасқан алаңда  болған.

Жедел жәрдем станциясына сағат 18.36-да қоңырау түскен, ал 18.40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.

«2005 жылы туған жасөспірім футбол жаттығуы кезінде жарақат алды. Оның ішінің жоғарғы бөлігіне доп тиіп, көгалға құлаған, сол кезде шүйде тұсынан соққы алған. Жасөспірімге «нақтыланбаған жүректің тоқтауы, кома және жабық бас-ми жарақаты» деген диагноз қойылды», — делінген хабарламада.

 Жасөспірім 20.10-да көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы («Адамның қайтыс болуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», -делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *