Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ДА 12 АДАМ ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН

Солтүстік Қазақстан облысында 12 адам қызылша инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы облыстық санитариялық- эпедемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді. 

Қызылша — жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. 

Аталған департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша індет өңірде 12 адамнан расталған. 8 дерегі Петропавл қаласында, екеуі Мағжан Жұмабаев ауданында болса,  Жамбыл мен Аққайың ауданында бір фактіден тіркелген. 

«Қызылшаның расталған жағдайларының ішінде үшеуінде облыс тұрғындары БАӘ, Ресей және Қырғызстан елдерінде демалып, сол мемлекеттерден жұқтырып алғандығы расталды. Оның қатарында екпе алмаған  14 жасқа дейінгі екі науқас бала бар. Жалпы анықталған жағдайлардың 50% -да азаматтар екпе алудан бас тартқандығы белгілі болып отыр.  Қызылша — жұқпалы ауыр вирустық инфекция. Ол ауа тамшылары арқылы таралады. Артынша денеге тарайды»,-  дейді СҚО Арман Күшбасов,- дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

 

Өңірде қызылша инфекциясын жұқтырғандардың дені, яғни жеті жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар. Екі азамат 15-19 жаста болса, қалғандары 20-29 жас және 40-49 жас аралығындағылар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *