Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жасөспірім аурухана қызметкерлеріне тапанша кезеп, дәрігер мен емделушіні соқыға жықты

Петропавлдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірім дәрігерлерге тапанша кезеп, қорқытқан. Бұл аздай бір дәрігерді балдақпен жарақаттады, деп хабарлайды тілшіміз.

Оқыс оқиға 23-ші қазан күні болды. Жасөспірім екі досымен ауруханаға орталық есіктен кірген. Медициналық мекеме қызметкерлері оларды тоқтатпақ болыпты. Бірақ  ешкімді тыңдамастан, медбикелерге ауыр сөздер айтып, тіпті қоқан-лоқы көрсеткен. Артынша тапанша кезеп қорқытыпты. 

«Жастар жылдам қимылдап, екінші қабаттағы қалпына келтіру және медициналық оңалту бөліміне көтерілді. Олар дәліз арқылы өтіп, ем қабылдап жатқан 15 жастағы қыздың қасына барады. Жасөспірім әлгі қыздың басынан  қолмен ұра бастайды. Аурухана қызметкерлері қызды қорғамақ болады.  Бірақ, 17 жастағы келуші қыздың қолындағы балдақты жұлып алып, дәрігердің ішінен ұрады. Содан кейін олар тездетіп бөлімнен шығып кетті» -дейді облыстық көпбейінді балалар аурухананың бас директоры  Нұрлан Айманов.

Дәрігерлер полиция шақыртқан.  Айта кету керек, дәл осы  жасөспірімнің бұл бірінші лаң салуы емес. Осыдан 2 ай бұрын ол 15 жастағы ем алып жатқан қызды аяқ-қол жарақатымен әкеліпті.  Қабылдау бөлмесіне кіре сала ол дауыс көтере сөйлеп, боқауыз сөздер айтқан. Травматолог дәрігердің ескертуіне құлақ аспай,  дәрігердің бетінен ұрған.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше ауруханада қоқан-лоқы жасаған жасөспірім ұсталыпты. Аталған факт ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.  Тәртіп сақшылары медициналық персоналды тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, дәрігерге қол көтерген жасөспірімді анықтаған. 

«Оның сөмкесінде ойыншық тапанша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады»,-делінген СҚО ПД баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *