Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да психикалық ауытқуы бар адамдар көлік тізгіндеген

Солтүстік Қазақстан облысында психикалық ауытқуы бар адамдар көлік айдап келген. Тексеру жүргізген прокурорлар жүйке жүйесі ауыратындардың тізімінде тұрған 138 адамның заңсыз жүргізуші куәлігін алғандығын анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.

Тіпті шизофренияға шалдыққан азаматтардың бірі облыс орталығында қоғамдық көлікті тізгіндегені белгілі болды. Мамандардың айтуынша мұндай диагноз қойылғандар бірден мүгедектік алып, өмір бойы тіркеуде тұруы шарт. Құзырлы орган өкілдерінің араласуының арқасында ол  жұмыстан шығарылды. Айта кету қажет жалпы соңғы екі жылда өңірде жол көлік апаты салдарынан 965 адам түрлі дене жарақатын алып, 82 –сі көз жұмды.

«Қазіргі таңда осы фактілер бойынша облыстық полиция департаменті бастығымен денсаулық сақтау басқармасы басшысының  біз прокурорлық қадағалау актілерін енгіздік. Сол бойынша қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Енді нәтижесінде кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылады», — деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Сондай-ақ облыстық прокуратураның заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында өңірде жол-көлік оқиғалары санының 17,5%-ға, ал зардап шеккен адамдар санының 16,8%-ға өскені айтылды.

Тексеріс барысында жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарын жүйелі бұзылушылықтар анықталды.

Жергілікті атқарушы органдар «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 24-бабының талаптарына қарамастан, полиция органдарының 79 жазбаша нұсқамасы бойынша оларды жою бойынша шаралар қабылдамаған.

Күн сайын 6 мыңнан астам бала баратын өңірдегі 83 білім беру мекемесінің жанында жол белгілерінің болмау фактілері анықталды.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселелерін пысықтау ұсынылды.

Облыстың полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың апаттық-қауіпті учаскелерінің реестрін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды шешу ұсынылды.

Барлық уәкілетті органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері ерекше бақылауға алынды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *