Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мамлютка қаласында егілген жас көшеттер қурап қалды

Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталығында жас көшеттер өспей қалды. Биыл көктемде Мамлют ауданының орталығына   620 түп тал терек және қарағай ағаштары егілген болатын.  Бірақ, барлығы жаппай  қурап, сол күйі бүршік жармады.

Қазір бұл көшеттер көшенің көркін қашырып қурап тұр. Осылайша жергілікті билік өкілдерінің қаланы көгалдандырамыз деген ойы жүзеге аспай қалды. Көктемде егілген жас көшеттер қадалған күйі көзге күйік болып тұр.  

«Мына ағаштар жайқалып көк болып тұрмағаннан кейін адам да байқамайды екен. Мен енді көріп тұрмын. Шығын ғой  бұның бәрі. Халықтың ақшасына сатып алынды емес пе? Енді бәрі қурап кеткен», — дейді Мамлют ауданының тұрғыны Рақымжан Тоқтанаев. 

Мамлютка қаласын көгәлдандыруға 6 млн теңге бөлінді 

Тал- терек, қарағай – барлығы 620 түп. Тұрғындардың айтуынша, жас көшеттер батпақты, тұзды жерлерге егілген.  Ал, келісім – шарт бойынша олардың орнын тапсырыс беруші, яғни әкімдік таңдаған. 

Құжатта көрсетілгендей ағаштың биіктігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Бірақ, кейбір көшеттер тізеден ғана келеді. Қала тұрғындары биылғы аббаттандыру жобалары ойдан шықпағанын алға тартып отыр. Мәселен кей саябақ аяқсыз қалған. Айналасындағы ағаштар да аянышты күйде тұр.  

Отырғызғаннан кейін ешкім де келіп қол ұшын тигізген жоқ. Бәрін шөп басып кетті. Одан орындықтар қоямын деген. Ол да болмады. Қып – қызыл шығын!? Әкімдер ауысып жатыр. Ал бұл мәселемен қалатын біз, қарапайым халық», — дейді Мамлютка қаласының тұрғыны Мария Прудко.

Әкімдік өкілдері мердігерді сотқа берді 

Биыл Мамлютка қаласын жасыл желекпен көмкеруге қазынадан 6 миллион  теңге қаржы бөлінді. Енді шенеуніктер бар кінәні мердігер ұйымнан көріп отыр. Олардың айтуынша, жас көшеттер күтімсіз қалған. 

«Техникалық сипаттамаға сәйкес, ағаштар күн сайын суарылуы тиіс болатын. Ал кепілдік мерзімі — 3 жыл. Бірақ, бірде – бір міндеттеме орындалмады. Сондықтан біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық», — деді Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары Әмір Бектеміров. 

Әзірге, мердігер ұйымға бірде– бір теңге төленген жоқ. Ал, тараптар соттасып болғанша, көшеттер қала көшелерінде тұра бермек.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *