Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО –да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл екі жарым мың техника сатып алды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында екі жарым мың ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жергілікті диқандар соңғы жылдары ескінің орнына өнімділігі жоғары заманауи комбайн, тракторларға мініп жатыр. Бұл жағынан шығынның бір бөлігі мемлекет есебінен қайтарылады, деп хабарлайды тілшіміз.

Дастан Нұғыманов машина – трактор шеберханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Биыл шаруашылыққа қос – қостан тұқым сепкіш, трактор және комбайн сатып алынды. Оның ішіндегі егін жинау кешендері орақ науқанына да шығып үлгерді.    

«Жаңа комбайндар алдық. Соңғы үлгідегі техника егінді жақсы орады. Шығын да азайды. Әрі алқап таңдамайды. Жыл сайын машина трактор паркімізді жаңартып отыруды жоспарлап отырмыз», — дейді машина –трактор шеберханасының меңгерушісі Дастан Нұғыманов.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында егін орағына 7 жарым мың комбайн жұмылдырылды. Қазір жаңа техника сатып алған шаруаларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Яғни, шығынның 4/1 бөлігі инвестициялық субсидия арқылы өтеледі.   

«Мемлекеттен көмек бар. Қаражат, субсидия жағынан қолдау көрсетіліп жатыр. Яғни биыл өңірде жаңа техника сатып алғандарға 11 миллиард  теңгеден астам субсидия берілді. Ал былтырғы жылы 14,5 миллиард  теңге болды», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев. 

Ресми мәлімет бойынша, еліміздегі қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы тозған. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жыл сайын оларды 8 — 10 пайызға жаңарту керектігін міндеттеді. «Бұл өнімділікке де оң әсер етеді», — дейді сарапшылар. 

«Соңғы кездері елімізде, әсіресе мынау Қазақстанның солтүстік өңірлерінде  тек астықты өлке ретінде танымай, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында өнім түрлерін көбейту көзделген. Сол себепті техника түрін де, санын да арттырумыз қажет», — дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Мұхтар Әшірбеков.

Жыл сайын облыста ауыл шаруашылығы техникаларының 5 пайызы жаңартылады. Былтыр өңірдегі «CLAAS» компаниясы 33,2 милилард теңгеге 333 техника құрастырған. Ал биыл 56 миллиард теңгеге 521 ауыл шаруашылығы техникасын шығарыпты.

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы  біздің фермерлерге техниканы сатып алу кезінде қаражаттарын  27%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні елімізде машина-трактор паркінің тозуы күрделі проблемаға айналған. Өңірде де бұл мәселе бар. Сондықтан алдағы уақытта облыста тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «Reimann» компаниясын салуды жоспарлап отырмыз. Жоба құны – 1,5 млрд теңге. Ол аймағымызда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «CLAAS» компаниясы құрастыратын  ауыл шаруашылығы техникасын толықтыру үшін пайдаланылатын болады», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *